Accessibility links

Монополия агенттігінің жауапты хатшысы қызметтен шеттетілмейді


Қаржы полициясы лауазымды қызметін асыра пайдаланды деп күдікке алған Қазақстанның Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы қызметтен шеттетілмейді. Бұл туралы сейсенбі күні бұл агенттіктің басшысы Нұрлан Алдабергенов мәлімдеді.

"Ол әзірге қызметтен шеттетілген жоқ, неге десеңіз, оған қазір тағылып отырған айыптар оны қызметтен шеттеуге негіз бола алмайды. Бұл айыптар бойынша адам жұмыс істей бере алады, айып тағылған екі адам қазір өз міндеттерін атқарып жатыр", - деді Алдабергенов.

Оның түсіндіруінше, агенттіктің жауапты хатшысына лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.

"Жауапты хатшыға лицензия беретін қызметкерлерге қысым көрсетті деген айып тағып отыр. Ұрлық туралы мәселе болып отырған жоқ. Ол лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалану", - деді агенттік төрағасы.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG