Accessibility links

ЕуроОдақ Украинаға визасыз жүру тәртібін ұсынбақшы


Еуропа Одағы Украинаға визасыз жол жүруге әкелетін “жол картасын” ұсынуға ниет танытып отыр. Бұл туралы Италия сыртқы істер министрі Франко Фраттини Брюсселде Еуропа Одағының сыртқы істер министрлерімен кездескенде айтты.

Украинаның жаңа сайланған президенті Виктор Янукович көбірек ресейшіл деп айтылып отыр. Польша сыртқы істер министрі Радослав Сикорски ЕуроОдақ Украинада еуропалық болғысы келетіндерді күшейте түсуі керек деді.

Латвия сыртқы істер министрі Еуропа Одағы Януковичтің сыртқы саясатындағы басымдықтарын анықтағанын күту керек деді.
XS
SM
MD
LG