Accessibility links

50 түрік әскериі билікті құлатпақ болды деген күдікпен қамауда отыр


Түркия прокуратурасы елдің исламшыл үкіметін құлатпақ болды деген күдікпен 50 шақты түрік қолбасшысын тергеп жатыр. Олардың арасында кемінде 14 –і қазіргі және бұрынғы әскери офицерлер болып отыр.

Айыптаушылардың айтуынша, жеті жыл бұрын бұл әскерилер елде толық тәртіпсіздіктер жасап, әскерилердің төтенше жағдай жариялауы арқылы үкіметті биліктен кетіру жөнінде жоспары болған. Түркия прокуратурасы мұндай күдікке ілінген әскерлерге қарсы істі соңғы екі жыл бұрын қозғаған.

Билікке сын айтушылар болса, үкімет оппозицияны басып тастау үшін астыртын әрекеттер туралы хабарларды пайдаланып отыр деді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG