Accessibility links

Ердоғанға аяқ киім лақтырған сириялық болып шықты


Испания полициясы Түркия үкімет басшысын аяқ киімімен ұрмақ болған сириялықты қамауға алғандарын айтты.

Дүйсенбі күні кешкісін Испанияның оңтүстігіндегі Севилья қаласында мәдени ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін марапатталған түркиялық премьер-министр Режеп Тайып Ердоғанға біреу аяқ киімін лақтырып, ол Ердоғанның басынан жоғары ұшып түскен.

Аяқ киімін лақтырған сириялық Испанияда заңсыз жүрген. Оны қамауға алынып жатқанда, “Күрдістанға ұзақ өмір” деп айқайлаған. Түркия күрд көтерілісшілерімен 1984 жылдан бері күресіп келеді.

2008 жылы Бағдадта АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Бушқа аяқ киім лақтырған ирақ журналисін әлемде қайталаушылар көбейіп кетті.

XS
SM
MD
LG