Accessibility links

Қазғарыш: Байқоңырға жалдық ақша құнын қайта қарауға болады


Қазақстан депутаттары заңдық бастамаларымен Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланып отырған Ресей үшін жалдық ақшаның көлемін қайта қарауға құқылы деп Қазақстанның ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, жалға алу келісіміне қол қойылған күннен бері Қазақстан Ресейден 115 млн доллар алып келеді. Әрине, уақыт талабына сай бұл ақша түк емес деді Мұсабаев сейсенбі күні парламент комитетіндегі отырыста.

Қазғарыш агенттігінің төрағасы келтірген мәліметтерге қарағанда, 2004 жылы жалға беру келісімінің мерзімі созылғанда, оның бағасын өсіру мәселесі көтерілмеген. Сол себепті қазақстандық парламентарилер бұл мәселені заңдық тұрғыдан көтеруге құқы бар деді ол.

Ресей Қазақстан жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағын 1994 жылдан бері жалға алып келеді. Ол үшін жыл сайын төленетін ақша 115 млн доллар. Ресей Байқоңырды 2050 жылға дейін жалға алған.
XS
SM
MD
LG