Accessibility links

Украинаның жаңа президенті алғашқы сапарын ЕуроОдаққа жасайды


Хабарларға қарағанда, Украинаның жаңа сайланған президенті Виктор Янукович ел жетекшісі ретінде алғашқы сапарымен дүйсенбі күні Брюсселге барады.

Еуропа Одағының атын атамаған ресми адамы хабарлағандай, Янукович Брюсселге Мәскеуге сапарының алдында барып, Украинаның Ресей және ЕуроОдақпен байланыстарын тепе-теңдікте ұстайтынын көрсетпекші.

Якуович ақпанның 25-де президенттік ант қабылдайды. Оның Ресейге сапарының нақты күні хабарланған жоқ, бірақ ол Мәскеуге наурыздың 10-да барады деп күтіліп отыр.
XS
SM
MD
LG