Accessibility links

Оппозициялық партия Кеден Одағына кірген Қазақстанның ұстанымын сынады


Азат-Жалпыұлттық социал демократиялық партиясының жетекшілігі Қазақстанның Кеден одағындағы ұстанымын сынап мәлімдеме таратты.

Партия жетекшісі Жармахан Тұяқбайдың сөзіне қарағанда, коммуналдық төлемдер өсіп, елге келетін арзан қытай тауарларының орнына ресейлік және беларустік қымбат заттар әкелінеді деп күтіліп отыр.

Партияның теңтөрағаларының бірі Болат Әбілов Қазақстан, Ресей және Беларусь елі мүше болып табылатын Кедендік одақ отандық тауар өндірушілерге шығын әкеледі деді.

Біздің ортақ пікірімізше, кедендік одақ шешімі тек мұнай мен тау-кен өндіруші шикізат олигархтарының мүддесі бойынша қабылданып, елдің басқа тауар өндірушілерінің мүддесі ескерілмеген деді Азат партиясының жетекшілері.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG