Accessibility links

АҚШ Иранға тағы да ескерту жасады


Құрама Штаттар Теһранның ядролық бағдарламасы бойынша әлемдік қауымдастықпен әріптестік орнатқысы келмеуінің салдары қиыншылықтар туғызатындығын Иранға тағы да ескертіп өтті.

Шыдам мен келіссөздерге бөлінген уақыт түгесілді деп мәлімдеді Ақ үйдің ресми өкілі Роберт Гиббс.

Сейсенбі күні МАГАТЭ Теһранның БҰҰ-ның ұсынысына қатысты алғашқы ресми жауабын алды. Иран басшылығының хатында Теһран өзінің аз байытылған уран қорын дайын ядролық отынға айырбастауға қарсы еместігін білдіріп, бірақ бұл процесс иран аумағында өтуі тиіс деп ескертті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG