Accessibility links

Ауған полициясы: Қандағарда шенеунікке қастандық жасалды


Ауған полициясының хабарлауынша, қарулы екі адам бүгін Қандағардың ақпарат және мәдениет бөлімінің басшысы Абдул Мажид Бабайды атып өлтірген. Бабай 8 жыл үкіметтік қызметте болған. Провинциялық полиция басшысының орынбасары Мохаммад Шах Фаруқи сәрсенбі күнгі атысты Бабайға жасалған "қастандық" деп атады.

Бұл уақытта НАТО мен ауған күштері көршілес Хелманд өлкесінде Талибанға қарсы шабуылдарын жалғастырып жатыр.
XS
SM
MD
LG