Accessibility links

Ресей Иранға қатысты ұстанымын күшейтті


Ресей Иранға зымыраннан қорғаныс жүйесінің сатылуына қатысты ұстанымын күшейтіп отыр. Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеуде сөйлеген сөзінде аталмыш жүйеге қатысты келісімді жүзеге асыру үшін алдымен бірқатар мәселелерді шешіп алу керек деп атап көрсетті. "Біздің заңдарымыз пен халықаралық міндеттемелерімізге сай, біз еш уақытта нақты бір аймақтардағы жағдайды тұрақсыздандыруға алып келетін әрекеттерді жасамаймыз", - деді Лавров журналистердің алдында сөйлеген сөзінде.

Бұдан бұрын Ресей ресмилері техникалық себептерге байланысты зымыраннан қорғаныс S-300 жүйесі Иранға әзірше экспортталмай жатыр деп мәлімдеген болатын. Бұл туралы Лавров ешнәрсе айтпады.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG