Accessibility links

Виктор Янукович Украинаның президенті қызметіне ресми түрде кіріседі


Украинаның жаңадан сайланған президенті Виктор Януковичті ұлықтау рәсімі бүгін сол елдің Жоғарғы Радасында өтеді.

«Интерфакстің» атап өтуінше, осымен тәуелсіз Украинаның төртінші президенті қызметіне кіріседі.

Халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары ұлықтау рәсіміне 11 мемлекеттің басшылары, 4 халықаралық ұйым жетекшілері мен 15 елдің сыртқы істер министрлері қатысады деп хабарлап отыр.

Бейсенбі күні Киевте өтетін ұлықтау рәсіміне Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов ұшып кетті. Үкіметтің баспасөз-қызметінің хабарлауынша, Кәрім Мәсімов Астанаға сол күні қайтып келмек.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG