Accessibility links

Алматы облысында 6,5 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды


Алматы облысының бірнеше ауданында бөгеттің бұзылу қаупіне байланысты 6,5 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлады Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақпаратқа сәйкес, "Жамбыл ауданының Тарғап кентінде 24-ақпан күні сағат 11.00-де көп жауған жаңбыр мен қардың еруі салдарынан Тарғап бөгетінің бұзылу қаупі төнді. Осыған байланысты Тарғап ауылының төменгі бөлігінен 200 адамы бар 40 үйдің тұрғындары эвакуацияланып, олар көршілес елдімекендердегі туыстары мен таныстарының үйлеріне орналастырылды".

Министрліктің мәліметінше, "бөгеттің бас жақ бөлігінде суды бұру үшін қосымша 3 жыра қазылды. Бірақ, бөгеттің сыртқы жағын су шайып кетуге және жаңбырдың одан әрі жалғасу мүмкіндігіне байланысты күрделі ахуал қалыптасып отыр".

Одан өзге, Іле ауданының Ақши және Құрты ауылдарында кеше сағат 13.00-де көп жауған жаңбыр мен қардың еруі салдарынан Құрты бөгетінде су жиналып, оның бұзылу қаупі төнді. Осыған байланысты Ақши ауылының төменгі бөлігінен 6 мыңнан астам тұрғын мен Құрты ауылының төменгі бөлігінен 60 тұрғын эвакуацияланды, олар көршілес елдімекендердегі туыстары мен таныстарының үйлерінде және аудандық ауруханада орналастырылды".

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сонымен қатар "Ескелді ауданының Ешкіөлмес кентінде 24 ақпанда сағат 22.00-де нөсер суының молаюы салдарынан 20 аула су ішінде қалды. 40 адам эвакуацияланды, соның ішінде 25 адам туыстарында, 15 адам Қарабұлақ ауылындағы Шестаков атындағы орта мектептің шағын орталығында орналастырылды".

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG