Accessibility links

Оңтүстік Корея Ауғанстанға сарбаздарын жіберуде


Оңтүстік Корея парламенті бүгін Ауғанстанға 350-ге жуық сарбазын жіберуді мақұлдады. Бұл жауынгерлер Ауғанстандағы азаматтық инженерлердің елді қайта құру әрекеттеріне көмектеспек деп хабарланып отыр. Олар Кабулдың солтүстігіндегі Паруан өлкесінде 30 айға орналастырылатын болады. Парламенттегі дауыс берулерге оппозициялық депутаттардың көбі бойкот жариялады.

2002 жылы Оңтүстік Корея Ауғанстанға 210 сарбазын жіберген болатын. 2007 жылы Талибан бүлікшілері Оңтүстік Кореяның 23 шіркеу жұмысшысын ұрлап, өлтірген соң Сеул Ауғанстандағы күштерін шығарған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG