Accessibility links

Сирия мен Иран президенттері кездесуде


Сирия президенті Башар әл-Ассад бүгін Дамаскіде ирандық әріптесі Махмуд Ахмадинежадпен келіссөз өткізеді. Екі ел басшылары аймақтық және халықаралық мәселелерді талқылайды. Ресми SANA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әл-Ассад пен Ахмадинежад сондай-ақ Мұхаммед пайғамбардың туған күніне байланысты діни шараға қатысады деп күтілуде.

Өткен аптада Сирия ресмилері Дамаск Теһранның ядролық бағдарламасына байланысты Иран мен Батыс арасында арағайындық жасауға әзір деп мәлімдеген болатын. Ахмадинежад соңғы рет Сирияға маусым айында барған.
XS
SM
MD
LG