Accessibility links

Янукович: Украинаға максимум нәтиже беретін сыртқы саясатты таңдаймын


Украинаның жаңа президенті ретінде ант қабылдаған Виктор Янукович мемлекетке "максимум нәтиже" беретін сыртқы саясат жүргізетінін мәлімдеді.

"Шығыс пен Батыс арасындағы көпір, яғни Еуропаның құрамдас бөлігі мен бұрынғы Совет мемлекеті ретінде Украина Ресей, Еуропа Одағы, АҚШ және әлемдегі жағдайдың дамуына әсер ететін басқа елдермен арадағы тең және екі жаққа пайдалы болатын қарым-қатынастардың дамуынан елімізге максимум нәтиже беретін сыртқы саясатты таңдайды", - деді Янукович.

Ол сондай-ақ Украина қазір ірі экономикалық, кедейшілік пен жемқорлық проблемаларына тап болып отыр деп атап көрсетті.

Ақпанның 7-дегі президент сайлауының екінші кезеңінде жеңіліске ұшыраған үміткер премьер-министр Юлия Тимошенко бейсенбі күнгі инаугурация рәсіміне қатыспады.
XS
SM
MD
LG