Accessibility links

Баку: Армениямен арада соғыс болуы мүмкін


Әзірбайжан Армениямен арада қақтығыс қауіпі күшейіп барады, егер Армения күштері Таулы Қарабахтан шығарылмаса, арада үлкен соғыс болуы ықтимал деп ескертті. Қорғаныс министрі Сафар Абиев 15 жылға созылған дипломатиялық әрекеттерден нақты нәтиже болмады, Әзірбайжан тағы 15 жыл күте алмайды деп атап көрсетті. Абиев Бакудағы Франция елшісіне «енді әскери әрекетке кезек келді» деді.

Соңғы айларда Таулы Қарабахқа байланысты шиеленіс өрши түсті. Бұл уақытта Армения мен Түркия дипломатиялық байланыстарын қалпына келтіруге тырысуда.
XS
SM
MD
LG