Accessibility links

Үндістан мен Пәкістан министрлері кездесті


Үндістан сыртқы істер министрі Нирупама Раоның мәлімдеуінше, оның пәкістандың әріптесімен арада өткен келіссөздер екі ел арасындағы сенімді қайта қалпына келтіруге бағытталған алғашқы қадам болған. Бейсенбі күні Рао Нью-Делиде Пәкістан сыртқы істер министрі Салман Баширмен кездесіп, 3 сағат бойы келіссөздер өткізді.

2008 жылы 170-ке жуық адамның өмірін қиған Мумбайдағы шабуылдардан кейін Үндістан мен Пәкістан арасында ресми келіссөздер болмаған. Үндістан әлгі шабуылдарды Пәкістандағы бүлікшілер жүзеге асырды деп айыптаған болатын.
XS
SM
MD
LG