Accessibility links

Каддафи Швейцарияға қарсы «жихадқа» шақырды


Ливия басшысы Муамар Каддафи Швейцарияға қарсы жихадқа (қасиетті соғыс) үндеді.

Бенгази қаласында Мұхаммед пайғамдардың туған күніне орай сөз сөйлеген Маддафи Швейцариямен іскерлік қарым-қатынас орнатқан әрбір мұсылман исламның жауы деп мәлімдеді. Ливиялық басшы Швейцариямен «барлық тәсілдерді» қолданып күресуге шақырды және бұл оның ішінде терроризм жоқ деп атап көрсетті.

2008 жылы Женевадағы қонақ үйлердің бірінде Муамар Каддафидің ұлы ұсталғаннан кейін Берн мен Триполи арасындағы қарым-қатынас тез суып кетті. Аннибал Каддафи қызметшіні ұрды деген күдікпен ұсталған болатын.
XS
SM
MD
LG