Accessibility links

АҚШ Теһранның «Джундалла» тобына қатысты айыптарын жоққа шығарды


Құрама Штаттар Теһранның Вашингтон ирандық сүннит бағытындағы «Джундалла» бүлікшіл тобына қолдау көрсетеді деген айыбын тағы да жоққа шығарды. Иран билігі бұл айыптарын Ақ үйге ұйым басшысы Абдулмәлік Риги ұсталғаннан кейін қойып отыр.

Бейсенбі күні Иранның қарсы барлау істері жөніндегі министрі Хейдар Мослехи тергеу барысында Риги ұсталардан бір күн бұрын АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери базасында болғандығын мойындады деп мәлімдеді. Ұсталған кезде Ригиден ауғандық жалған төлқұжат табылған. Иран билігі оны американдықтар жасап берген деп есептейді.

АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің өкілі Джефф Моррелл бұл айыптауларды «насихаттаушылық» деп бағалады. Оның айтуынша, Құрама Штаттардың «Джундалла» тобымен ешқандай байланысы жоқ.

«Джундалла» өткен жылы қазанда Иранның оңтүстік-шығысында тіркелген жарылысты өз мойнына алған болатын. Сол кезде шабуылдан Иранның Революциялық гвардиясының жоғарғы шенді командирлері қаза тапқан еді.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG