Accessibility links

Мьянма соты Су Чжидің аппеляциялық шағымын қабылдамады


Мьянманың жоғарғы соты демократиялық оппозицияның басшысы Аун сан Су Чжидің апелляциялық арызын кері қайтарды. Үй қамауында отырған Су Яжи бостандыққа шығуын сұраған болатын.

Су Чжи – Нобель сыйлығының лауреаты – соңғы 20 жылдың басым бөлігін үй қамауында өткізді. Өткен жылы тамызда оған қатысты жаза мерзімі тағы 18 айға созылды.

Соған қарамастан өткен жылдың соңында Мьянма әскери билігінің ішкі істер министрі оппозиция басшысы Су Чжи уақытынан бұрын босатылуы мүмкін деп мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG