Accessibility links

АҚШ-та денсаулық сақтау саласына қатысты жиын өтті


АҚШ президенті Барак Обама жетекші заңшығарушылармен кездесіп, 7 сағат бойы теледидардан денсаулық сақтау саласына қатысты реформа жөнінде пікір алысты. Обаманың айтуынша, аталмыш салаға қатысты жағдайдың жан-жақты зерттелуі экономиканың қалпына келуі үшін өте маңызды. Ал республикандықтар болса президентті қазіргі жоспарларын жойып, кішігірім әрекеттерден бастауға шақырып отыр.

Денсаулық сақтау саласына қатысты реформалар жөніндегі заң жобаларын Өкілдер палатасы мен Сенат та мақұлдады. Бұл заң жобалары 30 миллионнан астам американдықты медициналық сақтандырумен қамтамасыз етуге бағытталған.
XS
SM
MD
LG