Accessibility links

Қырғыз оппозициясы бұрынғы министрді босату туралы шақыруларды қолдады


Қырғызстандағы екі оппозициялық партия бұрынғы қорғаныс министрі Исмаил Исаковты босатуға шақырып отыр деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі.

"Еркіндік" партиясының жетекшісі Юруслан Истановтың айтуынша, халықтың сабырлығы шегіне жеткен. Егер үкімет құқық қорғаушы белсенділер мен бұрынғы әріптестерінің Исаковты азат ету туралы талаптарына құлақ аспаса, оппозиция президент Құрманбек Бәкиевті қызметінен кетуге шақыратын болады деп атап көрсетті Истанов. "Ата-Мекен" партиясы да Исаковты босату туралы науқанды қолдап отыр.

Исаков қаңтар айында жемқорлықта айыпталып, 8 жылға түрмеге жабылған болатын.
XS
SM
MD
LG