Accessibility links

Пәкістандағы жарылыстан 3 полиция офицері қаза болды


Пәкістанның солтүстік-батысында болған жарылыстан кемінде 3 полиция қызметкері мен екі бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы 20 шақты кісі жараланды.

Жергілікті биліктің хабарына қарағанда, Карак қаласындағы полиция ауласына жанкештінің көлігі келіп жарылған. Жарылыстан сондай-ақ, жақын маңдағы мешітте жүргендер де зардап шеккен.

Бұл шабуылға жауапкершілікті әлі ешкім алмады. Бірақ билік бұл Ауғанстанмен шекаралас аймақта орналасқан исламшыл содырлардың шабуылы деп отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG