Accessibility links

Чилидегі зілзала құрбандары анықталуда


Алдыңғы мәліметтерге қарағанда, Чилидегі қуатты жерсілкінісінен кемінде 17 адам қаза тапқан. Жағдайды бақылаушылар құрбан болғандар саны күрт өсуі мүмкін деп қауіптенеді.

Чили жағалауларында рихтер бағамы бойынша 8,8 қуатында болған жерсілкінісі орталық аудандардағы көптеген үйлерді құлатып кетті.

Ел астанасы Сантьяго қаласында телефон байланысы үзіліп, электр желісі бұзылған.

Күші қатты болған жерсілкінісі Чили жағалауындағы цунами туғызып отыр, американдық сейсмологтардың айтуынша, оның апатты салдары болуы мүмкін. Тынық мұхитындағы жерсілкінісінің ошағында қатты толқындар көтерілген.
XS
SM
MD
LG