Accessibility links

БҰҰ-ы Кабулдағы шабуылды айыптады


БҰҰ-ы Ауғанстан астанасында 17 адамның өмірін қиған талибандар шабуылын айыптады. Бас хатшы Пан Ги Мун талибандардың жоспарлы түрде бейбіт азаматтарды нысанаға алуы, олардың адам өміріне деген қатыгез жауапсыздықтарын танытады деді.

Кабул орталығындағы жарылыстан қаза тапқандар қатарында франциялық режиссер де болған. 66 жастағы франциялық Северин Бланше ауғандық режиссерлерге деректі фильмдер жасауды үйрету үшін бұл елге 2006 жылы келген.

Сонымен қатар жанкештінің шабуылынан итальяндық арнайы қызметтің офицері мен Үндістанның 9 азаматы қаза болды.

Хабарларға қарағанда, жанкештінің жарылысынан кейін, қарулы топ Кабулдағы екі қонақ үйге шабуылдаған. Полициямен атыста екі содыр өлтірілді. Шабуылға жауапкершілікті талибандар алды.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG