Accessibility links

Грекия жетекшісі Меркель, Обамамен кездеспекші


Грекия премьер-министрі Георг Папандреу елдің қарыз дағдарысын шешу жолында Германия канцлері Ангела Меркель және АҚШ президенті Барак Обамамен кездесетін жоспарлары туралы айтты.

Грекияның қарыз проблемасы еуро валютасының тұрақтылығына қаупін тигізуі мүмкін деген алаңдаушылықты күшейткен. Грекия ресмилерінің айтуынша, Папандреу алдағы жұма күні Берлинде Германия канцлері Меркелмен кездеспекші, одан кейін наурыздың 9-да Вашингтонда АҚШ президентімен кездесуі жоспарланған.

Жұма күні грекиялық ресмилер елдің қаржылық мәселесін үшжақты телефон байланысы арқылы Обама, Меркель және Британия премьер-министрі Гордон Браун арасында талқылаған.
XS
SM
MD
LG