Accessibility links

Чилидегі зілзаладан 300-ден аса адам құрбан болды


Чилиде сенбі күні орын алған қуатты жерсілкінісінен 2 миллиондай адам зардап шекті. Бұл туралы ел президенті Мишель Бачелет мәлімдеді.

Ресми деректерге қарағанда, табиғат апаты 300-ден аса адамның өмірін әкетіп, 1,5 миллиондай үй қирап, көпір, жолдар бұзылды. Зілзаладан көбіне ел астанасы Сантьяго мен ең ірі қалалардың бірі Консепсьон және тағы басқа аудандар талқандалды.

Құрама Штаттар мен Еуропа Одағы көмек көрсетуді ұсынған, бірақ Чили президенті әзірге елдің күші жеткілікті деді.

Чили жағалауларынан 100 шақырым Тынық мұхитында сенбіге қараған түні рихтер бағамы бойынша 8,8 балл күшінде жерсілкінісі болып, оның қосымша жерасты дүмпулерінің күші 6,5-ға жетті.
XS
SM
MD
LG