Accessibility links

Тәжікстанда парламенттік сайлаулар өтуде


Тәжікстанның Орталық сайлау комиссиясы жергілікті уақытпен түскі сағат 13,00-де парламент сайлауына келіп дауыс бергендер 51 пайызға жетті деп мәлімдеді.

Парламенттің төменгі палатасы мәжілістегі 63 орын үшін 217 кандидат бақтарын сынамақ. Ресми тіркеуден өткен сегіз партияның кандидаттары дауысқа түскенімен, президент Эмомали Рахмонның халықтық-демократиялық партиясы жеңіске жетуі мүмкін делініп отыр.

Ислами өркендеу партиясы дауыс берулер барысында заңбұзушылықтар болғанын айтты. Партия жетекшісі Мухиддин Кабиридің сөзіне қарағанда, бір адам бірнеше рет дауыс берген оқиғалар кездескен. Исламшыл партияның бақылаушыларына дауыс беру учаскесін видеоға түсіруге тыйым салған.
XS
SM
MD
LG