Accessibility links

Цунамидің алғашқы толқындары Жапония жағалауына жетті


Чилидегі жерсілкінісінен туындаған цунамидің 90 сантиметр биіктіктегі толқындары Жапонияның жағалауына жетті.

Құрбан болғандар туралы әзірге мәліметтер келіп түспеді. Өте қауіпті толқындар келуі мүмкін деген қауіппен жағалаулардан 70 мыңдай адам басқа жаққа көшірілді.

Сонымен қатар цунами толқындары Камчатканың оңтүстік-шығысында биіктігі 80 сантиметр, солтүстік Курил аралдарында 10 сантиметр болып тіркелді.

Бұл аймақтарда цунами дабылы алынған жоқ. Австралия мен Гаваи жағалауларында теңіздің суы қатты көтерілген.
XS
SM
MD
LG