Accessibility links

Иранның бүлікшіл тобы өздеріне жаңа жетекші таңдады


Иран сүнниттерінің Жундалла тобы өздерінің жетекшісі иандық күштердің қолына түскен соң, топқа жаңа жетекші таңдағандықтарын айтты.

Associated Press ақпарат агенттігінің хбарлауынша, бұл хабарлама Жундалла тобының вебсайтында жарияланып, әл-Қажы Мохаммед Дахир Балучты жаңа жетекші деп атаған.

Иранның оңтүстік-шығысында орналасқан Жундалла тобы азшылық сүнниттердің құқы үшін күресіп келеді. Вебсайтта жарияланған мәлімедемеде сондай-ақ, топтың жетекшісі болған Абдулмалик Ригидің ұсталғаны өкінішті оқиға, бірақ Иран үкіметіне қарсы жихад жалғаса береді деген.

Бұл топ соңғы жылдары Пәкістанмен шекарада тұрақсыздық тудырып, бірнеше адамның өмірін қиған шабуылдар жасаған.
XS
SM
MD
LG