Accessibility links

Пәкістанның солтүстігінде жерсілкінісі болды


Пәкістанның солтүстігі мен Ауғанстанның кейбір жерінде жерсілкінісінің дүмпулері тіркелді. Бірақ зардап шеккендер туралы хабар түспеді.

Ресмилердің айтуынша, 6,2 балл күшінде болған жерасты дүмпуінің ошағы Хинду Куш тауларында болған. Жерсілкінісі сондай-ақ ауған астанасы Кабул қаласы мен Исламабадта да білінген.

2005 жылы қазанда Пәкістанның Кашмир аймағында болған зілзаладан 73 мың адам құрбан болған еді.
XS
SM
MD
LG