Accessibility links

Чили астанасында қатты жерасты дүмпулері болды


Чилиде 300 адамның өмірін әкеткен қуатты жерсілкінісінен бір күн өткеннен кейін ел астанасы Сантьягодағы ғимараттар жерасты дүмпулерден тағы шайқалды.

Оңтүстік американ елінде сенбі күні орын алған табиғат апатынан 1,5 миллион үйлер мен ғимараттар қирап, мыңдаған адам далада қалды. Зілзаладан көбіне ел астанасы Сантьяго мен ең ірі қалалардың бірі Консепсьон және тағы басқа аудандар талқандалды. Консепсьон қаласының әкімі қираған үйлер астында тағы 100 мыңдай адам қалуы мүмкін деген. Құтқару шаралары жүріп жатыр.

Чили жағалауларынан 100 шақырым Тынық мұхитында сенбіге қараған түні рихтер бағамы бойынша 8,8 балл күшінде жерсілкінісі болып, оның қосымша жерасты дүмпулерінің күші 6,5-ға жетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG