Accessibility links

Ауғанстанда бомба жарылысынан 11 ауғандық қаза тапты


Ауғанстанның оңтүстігіндегі Хельманд провинциясында жол бойына қойылған бомба жарылысынан 11 ауғандық тұрғын қаза болды. Аймақ басшысының өкілі Дауд Ахмадидің айтуынша, құрбан болғандар арасында екі бала мен екі әйел бар.

АҚШ пен НАТО-ның мыңдаған күштері ақпанның 13-нен бері Хельманд провинциясындағы талибандарға қарсы бірлескен операциясын жүргізіп келеді. Ауғанстанның бұл аймағында бүлікшілдер шабуылы жиі орын алатын аймақ.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG