Accessibility links

Тәжікстанда сайлауға 70 пайыз дауыс беруші қатысқан


Тәжікстан ресмилерінің хабарлауынша, елдегі парламенттік және жергілікті сайлауларға қатысушылар белсенділік танытып, дауыс беру құқы бар 3,5 млн дауыс берген.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон сайлау елдің саяси және әлеуметтік дамуын көрсететін маңызды оқиға деді. Хабарларға қарағанда, президент Эмомали Рахмонның Халықтық-демократиялық партиясы сайлауда жеңіске жететініне күмән болмай отыр. Тәжікстан жетекшілігінде отырғанына 17 жыл болған президент Эмомали Рахмонның партиясы парламенттің төменгі палатасындағы 63 орынның 50-ін иеленіп келген.

Халықтық демократиялық партиясының басты қарсыластары Коммунистік партия мен Орталық Азиядағы жалғыз исламшыл партия - Ислами жаңғыру партиясы болып отыр.

Сайлаудың бастапқы қорытындылары дүйсенбі күні жарияланады, ал ақырғы нәтижелері екі аптаның ішінде шығатын болады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG