Accessibility links

Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарын бір күміспен аяқтады


Ванкувер қаласында 21-ші қысқа Олимпиада ойындары аяқталды. 17 күнге созылған дүбірлі бәсекенің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы, 1 күміс жүлдемен, 25-ші орынға табан тіреді.

Канада құрамасы жалпы есепте 1-ші орын алды. Олимпиада өткізуші елдің атлеттері 14 алтын, 7 күміс, 5 қола жүлдеге ие болды.

Ванкувер ойындарына әлемнің 82 елінің бес мыңнан астам спортшысы қатысты.

22-ші қысқы Олимпиада ойындары 2014 жылы ресейлік Сочи қаласында өтеді.
XS
SM
MD
LG