Accessibility links

Астанадағы сот үлкен Мәсімовтың арызын кері қайтарды


Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық соты Қажымқан Мәсімовтың адам құқығын қорғаушы Талас Сағымбаевқа қарсы арызын қараусыз қалдырды деп хабарлады ҚазТАГ.

Премьер-министрдің әкесі сот арқылы 10 млн теңге моралдық шығын өндіріп беруін талап еткен болатын. Мәсімовтың өкілінің айтуынша, сот шағымына Сағымбаевтың Мәсімов туралы баспасөзге жариялаған материалдары түрткі болды.

Бұған дейін Сағымбаев премьер-министрдің әкесі басқаратын компания шымкенттік кәсіпкерлерді үлкен көлемдегі қаржыға алдады деп мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG