Accessibility links

Мұхтар Жәкішев абақтыдағы азаптау туралы мәлімдеді


«Қазатомпром» ұлттық атом компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев ҰҚК-нің абақтысында өзіне қарсы халықаралық заңдармен тыйым салынған азаптау іс-әрекеттері қолданылады деп хабарлады. Бұл туралы топ-менеджердің дүйсенбі күні таратылған мәлімдемесінде жарияланды.

Жәкішевтің айтуынша, өткен жылы жазда оны тергеу абақтысында екі жарым ай көлемінде сыртқы әлеммен толықтай хабарсыз ұстады. «Маған теледидар көрсетпеді, газет оқытпады, радио тыңдатпады. Мен ақпараттық блокадада қалдым. Бойымды жалғыздық әрі қауіп сезімі биледі» деп жазды Жәкішев.

Топ-менеджержің айтуынша, Қазақстан ратификацияланған халықаралық құжаттар инкоммуникадо – сыртқы әлеммен байланысты үзуге тыйым салады және бұл қамаудағыларды қатал әрі адамгершілікке жатпайтын іс-әрекеттер арқылы қанаумен теңестіріледі.

Жәкішев өткен мамыр айында сыбайласқан қылмыс айыбы бойынша ұсталғалы бері ҰҚК-нің Астанадағы тергеу абақтысында отыр.
XS
SM
MD
LG