Accessibility links

ЕҚЫҰ: Тәжікстан сайлауы демократиялық талаптарға сай келмеді


Тәжікстанда жексенбі күні өткен парламенттік және жергілікті сайлауларды бақылаған ЕҚЫҰ-ның бақылаушылары дауыс берулер барысында айтарлықтай заңбұзушылықтар болды деп мәлімдеді. ЕҚЫҰ-ы Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті Пиа Кристмас-Моллер дүйсенбі күні Тәжікстандағы сайлау көптеген демократиялық талаптарға сай келмеді деген мәлімдеме таратты. Оның айтуынша, сайлауда дауыс берулер бұрмаланып, басқа адам арқылы дауыс беру оқиғалары орын алған. Сайлауды ЕҚЫҰ-ның 200-ге жуық өкілдері де бақылады. Батыс сарапшылары Тәжікстанда бұған дейінгі өткізілген сайлаулардың ешқайсысын еркін әрі әділ деп таныған жоқ.

Тәжікстан орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, жексенбі күні өткізілген парламент сайлауына дауыс берушілердің 85 пайызы қатысты. Комиссия қызметкерлері сайлау бірқалыпты өтті деп отыр.

Тәжікстандағы парламент сайлауының бастапқы нәтижелері дүйсенбі күні шығады деп хабарланған.
XS
SM
MD
LG