Accessibility links

Қырғызстан жерге қондырылған ұшаққа байланысты Теһранға наразы


Иранның әскери ұшақтары өткен аптада қырғызстандық жолаушы ұшақты жерге қонуға мәжбүрлеген соң Бішкек Теһранға наразылығын танытты. Иранның қауіпсіздік күштері іздеуде болған суннит мұсылман бүлікшілерінің жетекшісін әлгі ұшақтан ұстады деген хабарды Қырғызстан жағы жоққа шығарып отыр.

Иранның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Иранның оңтүстік-шығысында белсенділік танытатын қарулы "Жундолла" тобының басшысы Абдолмалек Риги Қырғызстан әуе жолдары компаниясының рейсінен тұтқындалған. Бұл ұшақты Иранның әскери ұшақтары ақпанның 23-де жерге қонуға мәжбүр еткен делінеді.
XS
SM
MD
LG