Accessibility links

Курчатов қаласының әкімі ұсталды деп хабарланды


Шығыс Қазақстанның Семей аймақтық қаржы полициясының қызметкерлері, пара алды деген күдікпен Курчатов қаласының әкімін тұтқындады, - деп хабарлайды КазТАГ агенттігі Семей қаласы қаржы полициясындағы дерек бұлағына сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, "қызметіне кіріскеніне сегіз ай болған қала әкімі өткен аптада ұсталған. Үлкен сомада пара алған деген күдікпен оның үстінен қылмыстық іс қозғалған".

Семейдің қаржы полициясы ресми түрде бұл ақпаратты не растап не теріске шығарудан бас тартып отыр.

Бұдан ертеректе, Семей қаржы полициясы Курчатов қаласының әділет басқармасының бастығын ұстаған болатын. Оған 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген айып тағылған-ды.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG