Accessibility links

Бұрынғы босниялық жетекші Лондон әуежайында ұсталды


Боснияның бұрынғы президенті Эюп Ганич соғыс қылмыстарына қатысы бар деген күдікпен Лондонның Хитроу әуежайынан қамауға алынды.

Британия полициясының айтуынша, 63 жастағы Ганич экстрадициялау бұйрығымен ұсталды. Британия өкілінің сөзіне қарағанда, Сербия билігі экстрадицияға қажетті барлық құжаттарды бергенде ғана оны сұраған елге тапсыру күні шешіледі.

Белград 1992 жылы Сараеводағы бұрынғы Югославия армиясына жасалған шабуылға қатысты Ганич пен қатар 18 бұрынғы Боснияның ресмилерін тергеуге алғысы келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG