Accessibility links

Пәкістандағы АҚШ шабуылынан қытайлық бүлікші өлтірілген


Бейжіңнің елдегі мұсылмандарға қарсы шараларына наразалық танытып, Қытайға қарсы шабуылдарға шақырып келген әл-Қаида тобымен байланысы бар лаңкес АҚШ-тың Пәкістандағы шабуылынан қаза тапқан.

Сейсенбі күні Пәкістандық барлау қызметі мен талибан ресмилері Түркістандық Ислам партиясының жетекшісі Абдул Хақ әл-Түркістани ақпанның 15-де Солтүстік Вазиристан аймағындағы әуе соққысынан өлтірілгенін растады.

Әл-Түркістани Қытайды мұсылмандарды қырды деп айыптаған. Қытайдың батысындағы Шыңжаң аймағында 8 миллион ұйғыр мен орта азиялық ұлттар тұрады.
XS
SM
MD
LG