Accessibility links

Ирандық режиссер Панахи қамауға алынды


Хабарларға қарағанда, иран билігі кинорежиссер Жафар Панахиді өз үйінде қамауға алып, белгісіз бір жерге алып кеткен. Халықаралық мойындалған 49 жастағы режиссер оппозициялық қозғалысты қатты қолдаған.

Оппозициялық вебсайттың жазуынша, режиссердің баласы Панах Панахи дүйсенбі күні түнде Теһрандағы үйлеріне қауіпсіздік күштері келіп, әкесін тұтқындағанын айтқан.

Ресмилер бұған қатысты еш мәлімет бермеді. Таяуда Теһран Берлин фестиваліне бармақ болған режиссер Панахидің елден шығуына тыйым салған.
XS
SM
MD
LG