Accessibility links

АҚШ Пәкістанға лазерлік нысаналы әуе бомбаларын береді


АҚШ осы айда Пәкістанға лазерлік нысаналы мың дана әуе бомбаларын жеткізеді.

Американдық әскери әуе күштері басшылығының мәлімдеуінше, пәкістандық әскер бұл құрылғылар Ауғанстанмен шекарадағы бүлікшілердің нысандарына дәл соққы беруге көмектеседі деп есептейді.

Құрама Штаттар бұған қоса Пәкістанға 18 жаңа F-16 бомбалаушы истребительдерін сатуды көздеп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG