Accessibility links

Американдық корпорациялар армян геноциді туралы қарарға қарсы


Американдық аэроғарыштық және әскери-өнеркәсіптік корпорациялардың өкілдері Осман империясында армяндарды жаппай өлтіруді геноцид деп тану туралы АҚШ конгресінің қарар жобасына қарсы шықты.

Конгреске жолданған хатта бірқатар компаниялардың басшылары қарардың қабылдануы Түркиямен арадағы қарым-қатынасты бұзады және жұмыс орындарының жабылуына әкеп соқтырады деп атап көрсетті.

Конгрестің сыртқы істер жөніндегі конгресі қарарды бейсенбі күні талқылайды. Түркия Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде жүз мыңдаған армянның қырылуын геноцид деп есептемейді, оларды азаматтық жанжалдың құрбандарына жатқызады.
XS
SM
MD
LG