Accessibility links

Түркмен президенті түрмелерде реформа жасауға шақырды


Түркменстанның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, президент Гурбангұлы Бердімұхаммедов елдегі ең ұзақ түрме жазасын 15 жылға қысқартуды бұйырып, қамаудағы жағдайды жақсартуға шақырды.

Өткен аптада Венада орналасқан Адам құқықтары бойынша түркмен бастамасы тобы Түркменстандағы түрмелерде тұтқындардың саны тым көп, олардың арасында әртүрлі аурулар кеңінен жайылған деп өз баяндамасында мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG