Accessibility links

Бакубадағы шабуылдардан ондаған адам қаза тапты


Ирақтың Бакуба қаласында орын алған жанкештілік жарылыстардан ондаған адам қаза тауып, жараланды.

Полицияның хабарлауынша, сәрсенбі күнгі шабуылдардан кемінде 29 адам құрбан болып, 40-тан астам адам жарақат алған. Алғашқы екі жарылыс полиция бекеті мен үкімет ғимараты алдында болған. Кейін бір жанкешті кісі Бакуба қаласындағы аурухананың жанында өзін-өзі жарып жіберген.

Бұл елде наурыздың 7-де парламенттік сайлаулар өтеді деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG