Accessibility links

Қытай қорғаныс саласына қаржыны көбейтетіндігін мәлімдеді


Қытай билігі биыл қорғаныс шығынының мемлекеттік бюджеттегі үлесін өткен жылмен салыстырғанда 7,5 пайызға ұлғайтқысы келетіндігін жариялады. Қытайдың осы саласындағы шығын көлемі соңғы 15 жылда елеулі түрде өсіріліп келді.

Бейжіңнің ресми өкілінің хабарлауынша, 2010 жылы 500 миллиардтан астам юань (шамамен 80 миллиард доллар) қорғаныс саласына бөлінеді.

Стокгольмдегі әлем проблемаларын зерттеу институтының мәліметі бойынша, 2008 жылы Қытай қорғаныс шығынының көлемі бойынша әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға көтерілді.
XS
SM
MD
LG