Accessibility links

Бразилия Иранға жаңа санкция қолдануға қарсы


Иранға қарсы жаңа жазалау санкцияларын қолдану мәселесінде АҚШ әзірше Бразилия жағынан қолдау таба алмады.

Бразилияда сапарда жүрген АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонды қабылдауының алдында бразиль президенті Луис Инасиу лулу да Сильва «қазір Иранды бұрышқа итеру ниетінің жоқтығын» мәлімдеді.

Иранға қарсы жаңа санкциялар қабылдауды ресми Вашингтон Теһранды өзінің ядролық бағдарламасы бойынша халықаралық қауымдастықпен уәжге келуге мәжбүрлейтін жалғыз жол деп есептейді. .

Ақ үй БҰҰ-ы Қауіпсіздік Кеңесінің шешуші мүшелерін өзінің осы ұстамын қолдауға үгіттеу үстінде.
XS
SM
MD
LG