Accessibility links

Әйгілі «Дос-Мұқасан» тағы бір өкілінсіз қалды


Белгілі қазақ музыканты әрі әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблін құрған Бақыт Жұмаділов бейсенбі күні автокөлік апатынан құрбан болды. Оның әріптесі әрі досы Досым Сүлеев ауруханада ауыр халде жатыр.

Хабарға қарағанда, 4 наурыз күні таңертең аң аулаудан қайтқан жолында 2 дос Қордай асуында апатқа ұшыраған. Бақыт Жұмаділов жүргізіп келе жатқан «Лан Крузер 100» автокөлігі көктайғақта тасжолдан тайып бірнеше рет төңкерілген. Б.Жұмаділов сол жерде көз жұмып, Д.Сүлеев ауыр жарақаттар алып, қазір ауруханада ес-түссіз реанимацияда жатыр

Оның қарсаңында «Дос-Мұқасан» Алматыдағы «Республика» сарайында қайырымдылық шарасына қатысқан болатын.

Б.Жұмаділовпен қоштасу рәсімі сенбі күні Орталық концерт залында өтеді.
XS
SM
MD
LG